jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Даналыққа үйреткен": Дина Төлепберген бала кездегі көршісінің үйіне барып, бата алды (видео)

    Дина Төлепберген көрші әжейдің үйінде
    Дина Төлепберген көрші әжейдің үйінде. Видеодан кадр: instagram.com/ dina_tolepbergen

    Отандық журналист Дина Төлепберген бала кездегі көршісінің үйіне барып, бата алды. Тележүргізуші бұл жайында Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    Дина Төлепбергеннің сөзінше, көрші әжей өзіне бауырсақ пісіруді үйреткен.

    "Біздің ауладағы ең қонақжай апа сіз едіңіз. Үнемі жеті нан пісіріп, шелпектерді тарататын едіңіз. Жүзіңіз жылы, 20 жыл өтсе де өзгермегенсіз", - дейді журналист әжейге.

    Тележүргізуші желі оқырмандарына балалық шағы туралы сөз қозғауды ұмытқан жоқ.

    "Апамның балаша қуанғанын қараңызшы. Көрші ақысы - Тәңір ақысы дейді. Балалығымда даналыққа үйреткен көрші апаммен амандасып кетуге келдім. Ұлық болсаң, кішік бол… Адамды асқақтатын алтын емес, алғыс бата дерсің…

    Үлкен қалаға ақша емес, арманды алып аттанып ем. Жетістікпен келіп, сәлем беріп кету - қандай бақыт. Көрші апамның батасына әумин деп қойыңызшы!", - деп жазды Дина Төлепберген.

    "Даналыққа үйреткен": Дина Төлепберген бала кездегі көршісінің үйіне барып, бата алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.