jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "15 күн артық күттік": Баян Мақсатқызының төртінші қызы дүниеге келді (фото)

    Баян Мақсатқызы
    Баян Мақсатқызы. Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy

    Қазақстандық актриса әрі продюсер Баян Мақсатқызы төртінші қызы дүниеге келгенін хабарлады. Нәрестеге Алма есімі берілген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Продюсер перзентханадағы суретін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    "Біз сені 8 жыл және Алисадан 15 күн артық күттік! Біздің қызымыз Алагөзова Алма Тұрсынғалиқызы дүниеге келді", - деді Баян Мақсатқызы.

    Желі оқырмандары актрисаның қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

    "Алма, өмірге қош келдің", "Тұрсын екеуіңіз таңғалдырудан жалықпайсыздар", "Бауы берік болсын", "Бағы бес елі қыз болып өссін", "Түсіне алмай отырмын", - деп жазды жұрт.

    Айта кетейік, тамыз айының басында Баян Мақсатқызы күтпеген жерден үшінші қызы дүниеге келгенін хабарлаған еді. Кейінірек продюсер нәрестеге Алиса есімі берілгенін жеткізді.

    "15 күн артық күттік": Баян Мақсатқызының төртінші қызы дүниеге келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.