jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Әйгілі Дженнифер Лопес Бен Аффлекпен ажырасуға арыз берді

    Бен Аффлек пен Дженнифер Лопес
    Бен Аффлек пен Дженнифер Лопес. Фото: Flickr / Trend bursts

    Әйгілі әнші әрі актриса Дженнифер Лопес отау құрғанына екі жыл болған күні Бен Аффлекпен ажырасуға арыз берді. Жұлдызды жұптың қарым-қатынасы 20 жылдан астам уақыт елдің қызу талқысында болды, деп хабарлайды The New York Times басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Сот құжаттарына сәйкес, Дженнифер Лопес 20 тамыз күні ажырасуға арыз берген. Айта кетерлігі, дәл сол күні жұлдызды жұптың отбасын құрғанына 2 жыл болған еді.

    Бен Аффлек пен Дженнифер Лопес 20 жылдан кейін қайта қосылып, 2022 жылы отау құрды. Олардың махаббат хикаясы кино түсірілімінен кейін бастау алды. 2002 жылы қос ғашық сөз байласып, тойға дайындықты бастап кеткен болатын. Алайда көпшілік күткен дүбірлі той өтпей қалды.

    2021 жылы БАҚ беттерінде жұлдызды жұптың қайта қосылғаны туралы ақпарат тарады. 2022 жылы Бен мен Дженнифер үйленіп, некесін заңдастырды.

    Бірақ осы жылы ерлі-зайыптының қарым-қатынасы қыл үстінде екені жазыла бастады. Мамыр айында Дженнифер Лопес әлемдік турын өткізуден бас тартып, уақытын балалары мен жақындарына арнауды шешті. Шілде айында әлемдік БАҚ жұлдызды жұптың зәулім үйі сатылымға шығарылғанын хабарлады.

    Әйгілі Дженнифер Лопес Бен Аффлекпен ажырасуға арыз берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.