jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Тойымыз алты адаммен өтті": Тамара Асар тұрмысқа шыққан кезін еске алды

    Тамара Асар күйеуімен
    Тамара Асар күйеуімен. Фото: Instagram/tamara_assar_official

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар тұрмысқа шыққан кезін еске алып, желіде оқырмандарына сыр шертті. Өнер иесі некесін әкесінің шаңырағында қиып, үйлену тойы алты адаммен ғана өткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тамара Асар өнердегі әріптестерінің дүбірлі тойынан кейін өзі де шабыттанып, Instagram-дағы парақшасында өзінің үйлену тойы қалай өткенін айтып берді.

    Шоу-бизнес жұлдызының айтуынша, құдалығы бес адаммен, ал үйлену тойы алты адаммен ғана өткен.

    "Кешегі тойдан кейін жолдасым "біз де той жасайық" деген ұсыныс айтты. "Тойларға аман-есен жете берейік! Қамбар мен Әлішерді үйлендірейік" дедім. Біздің тойымыз пандемия кезінде алты адаммен ғана өтіп кеткен. Құдалыққа бес адам келді. Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым. Әкемнің шаңырағында некеміз қиылды. Мәһрге машина сұрадым. Жолдасым ертесіне Алматыға барғанда көлік сыйлады. Ол кезде ұялғанымнан ештеңе көрсете алмадым. Әрі бәріне шектеу қойып тастаған еді. Жолдасым өзі білмесе де, білетіндермен ақылдасып, барлық жоралғыны түгендеп әкелді. Енемнің туған сіңлісі бәрін реттеген. Пандемия кезіндегі тойымызды оқырмандарым да алғаш көріп отыр. Шабытым келсе, той үстіндегі қызықтарды айтып беремін", - деп жазды өнер иесі. 

    Тамара Асардың Stories-i
    Тамара Асардың Stories-i. Скриншот: Instagram/tamara_assar_official

    Тамара Асардың Stories-i
    Тамара Асардың Stories-i. Скриншот: Instagram/tamara_assar_official

    "Тойымыз алты адаммен өтті": Тамара Асар тұрмысқа шыққан кезін еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.