jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Қол ұстасып жүре алмадық": Жазира Байырбекова тұрмысқа шыққан кезін еске алды

    Жазира Байырбекова
    Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

    Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова алғаш тұрмысқа шыққан кезін еске алып, желіде сыр шертті. Өнер иесі келін болып түскенде жолдасымен қос ұстасып жүре алмағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында жолдасымен қос ұстасып келе жатқан видеосын жариялап, отау құрған кезін есіне алды.

    Өнер иесі алғаш тұрмысқа шыққан кезде күйеуімен бұлай жүре алмағанын ашып айтты. Әншінің сөзінше, ауылда отағасымен қос ұстасып жүрген ерсі саналатын.

    "28 жыл бұрын үйленген жұп деп кім айтады бізді. Жаңадан үйленгенде қол ұстасып жүре алмадық. Ұят, масқара деді ауылда. Қазір енді ұят емес шығар иә", - деп жазды шоу-бизнес жұлдызы.

    Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова желіде жеке өмірі туралы жан сырын ақтарып, қалай тұрмысқа шыққанын айтты. Өнер иесі үйі, жұмысы, атағы да жоқ жігітпен отау құрғанын жеткізді.

    "Қол ұстасып жүре алмадық": Жазира Байырбекова тұрмысқа шыққан кезін еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.