jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Бөлексің": жаңа видео жариялаған Мөлдір Әуелбекова ел назарын өзіне аударды

    Мөлдір Әуелбекова
    Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

    Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде жаңа видео жариялап, ел назарын өзіне аударды. Қалың көпшілік өнер иесінің сұлулығына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мөлдір Әуелбекова аталмыш видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда ерекше образдағы әншінің көшеде жүріп келе жатқанын көруге болады.

    "Сұлу. Сүйікті. Бақытты", - деген қысқа жазба қалдырды шоу-бизнес жұлдызы.

    Желі қолданушылары өнер иесінің асқан сұлулығына тамсанып, оған жылы лебізін білдірген. Кейбір оқырмандар Әуелбековаға әлемге әйгілі топ-модель Белла Хадидтің қасында подиумда жүруге әбден лайықты екенін айтты.

    "Фаворит әншім. Жақсы көремін. Әндерін де, өзін де", "Тамаша! Сізге бәрі жарасады", "Көріктісіз", "Бөлексің. Тартымды да әдемі", "Белла Хадидтің қасында жүретін қызсың", "Қандай жүріс, қандай көзқарас", "От қой от", "Көз ала алмай отырмын. Неткен сұлу едіңіз", "Сенімділігі ерекше", - деп жазуда көпшілік.

    "Бөлексің": жаңа видео жариялаған Мөлдір Әуелбекова ел назарын өзіне аударды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.