jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Ақ көйлек киіп, үлкен той болады": Нұргүл Мыңғатова жақсы жаңалығын жария етті

    Нұргүл Мыңғатова
    Нұргүл Мыңғатова. Фото: Instagram/nurgul.myngatova

    Қазақстандық танымал актриса Нұргүл Мыңғатова жеке өміріндегі өзгерістерін айтып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі жақын арада ақ көйлек киіп, тұрмысқа шыққалы жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Нұргүл Мыңғатова бүгінде тойға ақырындап дайындалып жатқанын айтты.

    "Жеке өмірімді көп айта бермеймін. Жеке өмір жеке өмір болып қалу керек. Бұрыннан сондаймын. Бірақ жақында жеке өмірімде өзгерістер боалды. Көрмей тұрсыздар ма? Ақ көйлек киіп келдім ғой. Мен ұзатылып жатсам ұят болар енді. Сыңсу айтып, жылап жатпайтын шығармын. Бірден той жасайтын шығармыз. Мен тұрмысқа шықсам бәрі қуанады-ау. Бірден ақ көйлек киіп, үлкен той болады деп ойлаймын. Биыл болып қалар. Болмаса келер жылы.Ұсыныс жасағандай болып жатыр. Мен сол ерте дайындалып жатырмын ба деп қоямын бір жағынан. Бірақ ақырындап ырымдап бастап жатырмыз", - деді өнер иесі.

    Сонымен қатар актриса таңдауы кімге түскенін де айтты. Сөзінше, болашақ жарының өнерге еш қатысы жоқ.

    "Біз қазір ақыл тоқтатқан жастамыз. Болашақ жарым менің жұмысымды біледі, түсіністікпен қарайды. Ол жағынан мәселе болады деп ойламаймын. Ол кісі шоу-бизнеске жақын емес. Ауылдың қарапайым жігіті. Ортақ достарымызбен отырған кезде таныстық", - деді Мыңғатова Динара Сәтжанға берген сұқбатында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.