jitsu gif
Шоубиз

    "Анамды әкелу үшін күйеуімнен рұқсат сұраймын": Жазира Байырбекова отбасылық өмірі туралы айтты

    Жазира Байырбекова жұбайымен
    Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

    Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде жаңа жазба жариялап, отбасы құндылығын сақтау жөнінде сыр шертті. Өнер иесі тұрмысқа шыққанына біраз уақыт болса да, әлі күнге дейін анасын үйіне әкелу үшін алдымен күйеуінен рұқсат сұрайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жазира Байырбекова отбасы мәселесі туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Әнші көп жағдайда жолдасына жүгініп, оның рұқсатын алатынын жеткізді. Ол тіпті анасын үйіне шақыру үшін де алдымен отағасынан сұрайтынын жасырмады.

    "Отбасы құндылығын сақтаудың құпиясын сұрайды. Оның нақты формуласы жоқ қой. Мысалы мен үйленгенімізге 28 жыл өтсе де, өз анамды үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын. Үйге қонақ шақыратын кезде, біреуге үлкен сыйлық жасайтын кезде, бір жаққа баратын кезде де солай. Ал қазіргі қоғам бұл әрекеттерім дұрыс емес дейді. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінбей қалдық", - деп жазды Байырбекова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.