jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    1 қыркүйекте баласын мектепке апарған отандық жұлдыздар кімдер

    Нұрболат Абдуллин қызымен
    Нұрболат Абдуллин қызымен. Фото: Instagram/nurbullin

    1 қыркүйек күні бірқатар өнер иесі баласын мектепке апарды. Жұлдыздар желіде перзенттерімен мектеп алдында түскен суреттерін жариялап, оларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. KAZ.NUR.KZ оқырмандар назарына баласын мектепке апарған шоу-бизнес өкілдерінің топтамасын ұсынады.

    Нұрболат Абдуллин

    Әнші Нұрболат Абдуллиннің қызы оқушылар қатарын толықтырып, алғаш рет мектепке барды. Жұлдызды әкесі оған қолдау білдіріп қана қоймай, мерекелік жиында сыныптастарының алдында ән шырқаған.

    "Қазақ мектебіне +1 ата-ана. Сен маған сеңгеніңдей, мен де саған сенемін, құлыным. Қадамың құтты, тәртібің мықты, жүрегің рухты болсын. Сенімен елің мақтансын", - деп жазды өнер иесі.

    Нұрболат Абдуллиннің Stories-i
    Нұрболат Абдуллиннің Stories-i. Скриншот: Instagram/nurbullin

    Аша Матай

    Биыл Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың қызы екінші сыныпқа барды. Ерлі-зайыпты тұңғышы Асылымды қолдап, мектептің ұйымдастырған шарасына қатысқан.

    Айнұр Ілиясова

    Танымал актриса Айнұр Ілиясованың да қызы екінші сынып оқушысы атанды. Өнер иесінің перзенті Аша Матайдың қызымен бір мектепте оқиды.

    Әбдіжаппар Әлқожа

    Әбдіжаппар Әлқожа да өнердегі әріптестерінен қалыспай, 1 қыркүйек күні ұлының мектебіне арнайы барған.

    Өнер иелері баларымен
    Өнер иелері баларымен. Фото: Instagram/asha_matai

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.