jitsu gif
Шоубиз

    "20 жыл бойы сақтаған": Жеңіс Ысқақова актер Ғани Құлжановпен достығы туралы айтты

    Жеңіс Ысқақова
    Жеңіс Ысқақова. Скриншот: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

    Отандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова қыз бен жігіт арасындағы достық туралы ойын айтып, өзінің жақын досы жайлы сыр шертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Жеңіс Ысқақова қыз бен жігіттің арасындағы достыққа сенетінін айтты. Өнер иесі белгілі актер Ғани Құлжановпен 20 жылдан астам уақыт дос екенін жеткізді.

    Әншінің досы үйінде Ысқақованың 20 жыл бұрынғы концертіне шақыру билетін әлі сақтап жүр екен.

    "Ғани Құлжанов деген досымның үйіндемін. Менің 20 жыл бұрынғы концертіме шақыру билетімді сақтапты. "Әнім сен едің" деген шығармашылық кешімде шақырту жіберген болатынмын. Міне, нағыз достық! Қаншама үй алмастырып, пәтер жалдап жүрсе де, қоқыс болып бір бұрышта қалмапты. Қыз бен жігіттің достығы деген осы емес па?! Нағыз дос деген осындай болу керек", – деді әнші Instagram-дағы парақшасында. 

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.