jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Мақтаудың бәріне лайықсың": Гүлзира Айдарбекова келінін туған күнімен ерекше құттықтады

    Гүлзира Айдарбекова келінімен
    Гүлзира Айдарбекова келінімен. Видеодан кадр: Instagram/gulziraaidarbekova

    Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы келінін туған күнімен құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнады. Жұлдызды ене ұлының келіншегіне мақтау сөздерін жаудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Гүлзира Айдарбекова келініне деген ақ тілегін Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізген. Продюсер Әйгер Саркенованың бойындағы асыл қасиеттерді тізіп шығып, оның ата-анасына алғысын айтқан.

    "Бойында инабат, жүрегі мейірімге толы, әр жақсылыққа шын қуана білетін, қашанда үлкен-кіші демей кешіріммен қарап, ата-анасын құрметтеп, разылығын алып, аяулы жар бола білген көркем мінезді, бүкіл ағайын мен ата-ененің ақ батасын алған келінім сені туған күніңмен шын жүрегіммен құттықтаймын ботам! Қандай мақтау болсын бәріне лайықтысың.

    Саған деген бәрінің шынайы махаббатына өзіңнің даналығыңмен жеттің, сені өмірге алып келген құдам мен құдағиыма алғысым шексіз! Тек көз тимесе екен, Ақмөр және НұрАли немереміздің артынан ұл-қыз еріп үлкен әулетті абзал ана болып, қара балам, дара баламның құшағында 100 жасап, екі дүниенің бақытын көруіңді жазсын Алла", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

    "Мақтаудың бәріне лайықсың": Гүлзира Айдарбекова келінін туған күнімен ерекше құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.