jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тамара Асар қызының туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

    Тамара Асар күйеуімен
    Тамара Асар күйеуімен. Фото: Instagram/tamara_assar_official

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асардың қызы үш жасқа толды. Өнер иесі желіде перзентінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тамара Асар қызының туған күнін аяқ-асты ұйымдастырып, жақындарын небәрі 2-3 сағат қалғанда шақырғанын айтты. Өнер иесі жолдасы екекуі жұмыспен қарбаласып, бұл кешті алдын ала жоспарлай алмағанын жеткізді.

    Ерлі-зайыпты елордадағы қымбат мейрамханалардың бірінде ет-жақындары мен отбасылық достарының басын қосқан.

    "Сыйға сый сыраға бал. Бапасы солтүстікте, мен батысқа мұнайшылар мерекесімен жолда болғасын, Ажарлымыздың туған күнін алдын ала жоспарлай алмадық. Бас аяғы 2-3 сағат қалғанда Астанадағы отбасылық дос-жақындарға телефон шала қойып едік. Бәрі бір ауыздан келе қалды.

    "Ертерек неге айтпадыңдар?" деп бөтен өкпе айтпастан, шақырғанда жүгіріп келе қоюдың өзі бір бөлек қуаныш екен. Рахмет ниеттеріңізге тілекшілеріміз. Сіздердің де 24/7 іздесеңіздер, шақырсаңыздар келе қалатын дос-жаран, туыстарыңыз болсын", - деп жазды Тамара Асар.

    Тамара Асар қызының туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.