45 жасқа толған Мадина Сәдуақасова ерекше фотосессия жасап, елді өзіне қаратты
Жарияланған күні:

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова 45 жасқа толды. Өнер иесі туған күні қарсаңында ерекше фотосессия жариялап, ел назарын өзіне аударды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында ерекше фотосессия жариялап, әсерлі жазба қалдырды.
"Осы ғой, бағым бес елі, самғатқан шаттық шырайын. Дəл осы ұлы бақытты әркімге берсін құдайым! Қош келдің, жаңа жасым", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары 45 жасқа толған эстрада жұлдызын жарыса құттықтап, ақ тілегін жаудырды.
"Арғымақ пен фигурасы аттай Мадина", "45 жас құтты болсын", "45-ке толды деп кім айтады", "Әлі қыздай ғой. Мадина еш қартаймайды", "Бақытты болыңыз, ұлдың артынан қыз ерсін", "Қандай сұлусың. Жаңа жасың құтты болсын", "Мінсіз мүсінді ару, өте тартымды әрі көрікті", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2158968-45-zhasqa-tolgan-madina-saduaqasova-erekshe-fotosessiia-zhasap-eldi-ozine-qaratty/