jitsu gif
Шоубиз

    Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне өтініш білдірді

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

    Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram желісінде әнінің сөзі жазылған видеоны жариялап, жанкүйерлерінен Астанада өтетін концертке дейін оны жаттап алуды сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстанның халық әртісі өз репертуарынан бір ән таңдап, жанкүйерлерінен оны осы аптада еліміздің астанасында өтетін "Give Me Love" концертіне жаттап келуін сұрады.

    "Құрметті достар, мен 13 және 14 қыркүйекте Астанада жеке концертімді беремін. Осы әнді сіздермен бірге орындайық", - деді Димаш жанкүйерлеріне.

    Айта кетейік, күні кеше Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсеткені туралы жазған едік.

    Әнші ашылу салтанатында "Киелі мекен" әнін орындады. Бұл нөмірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожиновтың жетекшілігімен NOMAD STUNTS кәсіби каскадерлер тобы қатысты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.