jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Алимент төлемеймін": "Мақсат пен Мақсат" тобының бұрынғы әншісі жеке өмірі туралы айтты

    Мақсат Ынтықбаев
    Мақсат Ынтықбаев. Видеодан кадр: Youtube/KTK TV

    Кезінде аты дүркіреп тұрған "Мақсат пен Мақсат" тобының бұрынғы әншісі Мақсат Ынтықбаев жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі өнерден кеткен соң, әйелімен ажырасып кеткенін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақсат Ынтықбаев отбасылық өмірі туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында сыр шертті. Әнші 2014 жылы ажырасып, 2020 жылы екінші рет шаңырақ көтерген. Өнер иесі бүгінде бес баланың әкесі екенін айтты.

    "Сахнадан кеткен соң күйзеліс болған шығар. Бірақ ауруханаға түсетіндей жағдай болмаған. 2009 жылдан бастап өнер туралы ойламаған күнім болмаған шығар. 2014 жылы мен ажырастым. Содан кейін 2-3 жылдай Алматыда болдым. Жалғыз өзім тұрып, жағдайым болмай кетті. Өмір қызық емес болып қалды. Ол кезде анам тірі еді. Бірақ ауырып жатты. Сол кезде қасында боламын деп шешіп, ауылға кетіп қалдым. Үш жылдай қасында болдым.

    2020 жылы екінші рет үйлендім. Аллаға шүкір. Ол кісіден екі қызым бар. Бірінші некемнен екі ұл, бір қыз бар. Ешкімді бөліп жармаймын. Бәрі бала-шағам. Бәрін бірдей көремін. Адамның өмірінде түрлі жағдайлар болады. Өнерден кетіп, жеке өмірімде осындай жағдайлар болды. Бірақ мен қатты күйзеліске түсіп кетпедім. Бұл мен көтере алатын сынақтар болды. Бұрынғы әйеліме алимент төлемеймін. Ол жақты мақтағым да, даттағым да келмейді. Жағдайыма қарай беріп тұрамын. Олардың жағдайы дәл қазір менен де жақсы. Олар менің 5-10 тиыныма қарап қалған жоқ. Мені түсінеді. Бұрынғы әйелімен араласпаймын. Ол қазір біреудің әйелі. Бақытты болсын", - деді Мақсат Ынтықбаев.

    "Алимент төлемеймін": "Мақсат пен Мақсат" тобының бұрынғы әншісі жеке өмірі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.