jitsu gif
Шоубиз

    "Көлікке қысқы дөңгелек": Сәдуақасова жақындары туған күніне не сыйлағанын көрсетті (видео)

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Бірер күн бұрын 45 жасын тойлаған Мадина Сәдуақасова туған күнінде алған бағалы сыйлықтарын көрсетті. Өнер иесінің жолдасы оған ерекше сый тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мадина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, жақындары туған күніне не сыйлағанын көрсетті. Әншінің ұлы құлаққап сыйласа, жолдасы көлігіне қысқы дөңгелектер тарту еткен.

    Өнер иесінің құрбылары қымбат брендтен сыйлық пен бағалы әшекей бұйымдар табыстаған.

    "Сыйлықты кім жақсы көрмейді? Әнуар өзінің жинап жүрген ақшасына Apple құлаққабын алып берді. Ата-анам, бауырларым, әріптес, дос- құрбыларымнан не бір күшті сыйлықтар келді. Күйеуің не сыйлады, дейсіздер ғой?! Көлікке қысқы дөңгелек. Бірақ олар бұл видеоға жараспады. Шын жүрекпен айтылған тілек, берілген сыйлық, гүл, дөңгелек бәрі бәрі қымбат мен үшін. Рақмет", - деп жазды Сәдуақасова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.