jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Бәрін ырыммен жасадық": Баян Мақсатқызы Алиса есімді қызын қырқынан шығарды (видео)

    Баян Мақсатқызы
    Баян Мақсатқызы. Видеодан кадр: instagram.com/ dinarasatzhan

    Баян Мақсатқызы Алиса есімді қызын қырқынан шығарды. Айтулы күннің видеосын отандық тележүргізуші Динара Сәтжан Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    "Кеше құрбым Баян Мақсатқызы Алиса қызын қырқынан шығарды. Бұл дәстүр маған ерекше ұнайды. Нәрестенің қарын шашын, сүт тырнағын алып, бәрін ырыммен жасадық.

    Түрсен әкесі бәрімізге өзінің жомарт жүрегімен сыйлықтар берді. Өмірге сәби келгенде ол қуаныш, ал екі сәби келсе, ол екі есе бақыт", - деп жазды ол.

    Видеодан нәрестені қырқынан шығаруға Аша Матай, Айсәуле Бақытбек, Салтанат Байқошқарова мен басқа да қыз-келіншектер қатысқанын байқауға болады. Ал ырымдар жасалған соң Тұрсын Алагөзов келген қонақтарға сыйлық таратады.

    Айта кетейік, Баян Мақсатқызы тамыз айының басында үшінші қызы өмірге келгенін айтып, перзентханадан сурет жүктеген еді. Араға 15 күн салып продюсер төртінші қызы дүние есігін ашқанын айтты.

    "Бәрін ырыммен жасадық": Баян Мақсатқызы Алиса есімді қызын қырқынан шығарды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.