jitsu gif
Шоубиз

    "Қазақта бар": Ләйлә Сұлтанқызы гендер-патиге қатысты пікір білдірді

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

    Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы гендер-пати жасайтындарға қатысты пікір білдірді. Ол мұндай дәстүрдің қазақ халқында да бар екенін айтты.

    Тележүргізуші дүниеге келетін сәбиге арналған шара туралы Zamandas подкастында сөз қозғады.

    "Ол қазақта бар. "Құрсақ той" деп аталады. Біз шар іліп, оны америкалық етіп жібердік. Оның барлығы әдемілік үшін жасалады. Гендер-пати жасайтындарға "жасама" деп айта алмайсың. Олар да жақсы ниетпен, жақсы оймен жасайды. Өзімізге бір естелік қалсыншы дейді", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

    Осы ретте журналист "қырқынан шығару" дәстүріне қатысты да пікір білдірді.

    "Неге "40" күн деп айтады. Әйел 40 аптасында босанады, 40 күннен соң баланы қырқынан шығарады. Оған дейін бала екі өмірдің ортасында болады дейді. Сол үшін 40 күннен кейін түрін көрсетіп жатады, айтып жатады", - деді тележүргізуші.

    "Қазақта бар": Ләйлә Сұлтанқызы гендер-патиге қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.