jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Әке махаббатын сезіндірді": Raim Ерке Есмаханның үлкен ұлына көлік сыйлады (видео)

    Ерке Есмахан отбасымен
    Ерке Есмахан отбасымен. Видеодан кадр: instagram.com/ erke_esmahan

    Raim жұбайы Ерке Есмаханның үлкен ұлына көлік сыйлады. Эстрада жұлдызы қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

    Ерке Есмаханның айтуынша, Raim Муслимге нағыз әке махаббатын сезіндірген. Тіпті, мектебіндегі ата-аналар чатында да өзі отыратын көрінеді.

    "Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады, ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашудың жолдарын іздеді. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады", - деп жазды әнші.

    Осы ретте Ерке Есмахан Raim Муслимге көлік сыйға тартқанын айтты. Ол күйеуі үшін үнемі шүкіршілік айтатынын жасырған жоқ.

    "Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген "әке махаббатын" сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, "папа, мама" деп толыққанды отбасында өсуде. Міне, бүгін әкесі Муслимге сыйлық жасап қуантты. Көлігің құтты болсын, балам.

    Ақылды жігіт бол. Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол. Өзіме жақсы жар ғана емес, балаларыма керемет әке нәсіп еткеніне Аллаға әрқашан шүкіршілігімді аямай айтып отырамын", - деп жазды ол.

    "Әке махаббатын сезіндірді": Raim Ерке Есмаханның үлкен ұлына көлік сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.