jitsu gif
Шоубиз

    Димаш Құдайбергеннің ата-анасы қандай келін керек екенін айтты (видео)

    Қанат Айтбаев және Света Айтбаева
    Қанат Айтбаев және Света Айтбаева. Фото: instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar

    Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар ата-әже болуға дайын. Олар әлемге әйгілі ұлының үйге келін әкелгенін күтіп жүр. Бұл туралы өнер иелері "1001 түн" жобасына берген сұқбатында айтты.

    Света Айтбаева ұлының таңдауы тәрбиелі қызға түскенін қалайды.

    "Қазақтар бір-ақ ауыз сөзбен бәрін айтып тастаған. Адал сүт емген бала болса болды дейді ғой. Дәл сондай бала болса деп тілейміз, армандаймыз. Болған сәтте қуанамыз, күтіп жүрміз. Сәті болар деп ойлаймыз", - деді Света Айтбаева.

    Осы ретте Қанат Айтаев жұбайынан жақсы ене шығатынын алға тартты.

    "Менің ойымша, Света жақсы ене болады. Өйткені ата-енесінің тілін тауып, өмір бойына ата-енемен тұрды. Болашақта өз келініне де жақсы үлгі болады деп ойлаймын. Сондықтан сондай күнге жеткізсе дейміз", - деді ол.

    Айта кетейік, 13-14 қыркүйек күндері Астанада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Ауқымды кешке әлемнің 80 елінен көрермен келді.

    Димаш Құдайбергеннің ата-анасы қандай келін керек екенін айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.