jitsu gif
Шоубиз

    "Бізде балалық шақ болмаған": блогер Елдос Кәдірханов өміріндегі қиын сәттерін есіне алды

    Елдос Кәдірханов
    Елдос Кәдірханов. Видеодан кадр: youtube.com/@ntkshow

    Әлеуметтік жеоліде "Колобок" атымен танылған блогер Елдос Кәдірханов өміріндегі қиын сәттерін, балалық шағындағы еңбекке ерте араласқан кезін есіне алды. Бұл туралы блогер НКТ арнасындағы Taboo бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

    "Анам 11 мың теңге кредитін төлей алмайтын. Жақындарымыз көмектесіп, төлеп беретін. Әкем болғанда ғой, деп армандайтын кездер өтті. Қатарластарың әдіме киініп, жүргенде мен де киінгім келетін. Сол үшін 8-сыныптан жұмыс істеп кеттім. Жұмыс талғамадық, қандай жұмыс болсада жасадық. Бізде балалық шақ болмаған", - деді блогер.

    Блогер Кәдірханов қазіргі уақытта жетістіктерін әкесі көрсе ғой деген іштегі өкініш өртейтінін айтты. Ол 33 жасында жесір қалған анасының мықтылығын, батылдығын да тілге тиек етті.

    "Әкем 500 мың теңге үшін өліп кетті. Әкеміз кәсіпкер болған. Енді-енді аяқтан тұрғанда кісі қолынан қаза тапты... Өмірден өтетінін білгендей, анама "балаларға қара" деді", бізге аналарыңа қараңдар" деп тапсырып кетті ең соңғы сөзінде", - деді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.