jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Өмір сүрудің рахатын шын сезініп жатқандаймын": Мөлдір Әуелбекова ерекше образымен елді тәнті етті

    Мөлдір Әуелбекова
    Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/ moldir/auyelbekova

    Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова су жаңа суреттерімен елді тәнті етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ол фотоларды Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    "Өмір сүрудің рахатын шын сезініп жатқандаймын. Бұрынғыдай арпалыс, біреуге бірдеме дәлелдеу, қатардан қалып қалмау, ақша қайдан табамын, тағысын тағы сияқты уайым сейілді. Аллаға сансыз шүкір!

    Өнердегі 20 жылдық еңбегім мен өндірісімнің жемісі тұрақтылық орнатты. Сіздерге де қуатты жастық шақта талмай еңбектеніп, жемісін көруді бұйырсын! Бастысы, армандарыңызды ешқашан сатпаңыздар! Армандар жетелейді! Сеніңіз! Мен өсіп, өнген қазақ еліме ән арнаудан жалықпаймын!", - деп жазды әнші.

    Мұны көрген көпшілік өнер иесіне түрлі пікрі жазып қалдырды. Олар әншінің сұлулығына тәнті болды.

    "Әбден лайықсыз", "Сұлулық", "Ерекше образ", "Керемет", "Алла тіл-көзден сақтасын", "Сен үшін қуаныштымыз","Өміріңіз мөп-мөлдір болсын", - деп жазды жұрт.

    "Өмір сүрудің рахатын шын сезініп жатқандаймын": Мөлдір Әуелбекова ерекше образымен елді тәнті етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.