jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Абай болыңыздар": Гүлзира Айдарбекова алаяқтардың құрбаны бола жаздағанын айтты

    Гүлзира Айдарбекова
    Гүлзира Айдарбекова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

    Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова алаяқтардың құрбаны бола жаздағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Қайрат Нұртастың анасы алаяқттардың әрекеті жайлы Instagram желісіндегі парақшасында айтып берді.

    "Мен жаңа ғана алаяқтықтың жаңа түрінің куәгері болған сияқтымын. Маған қоңырау шалып, сізге тауар келді деп айтты. Өзім де Астанадан тауар күтіп отыр едім. Содан "иә, иә" деп ем, мекенжайды хабарлады. Артынша "сіз алып кетесіз бе, курьермен жіберейік пе?" деп мекенжайымды сұрады.

    Содан "иә, бірақ үйде болмаймын, одан да дүкенге жіберіңіздер" дедім. Олар "сізге хабарлама жібереміз, соны растаңыз" деді. Негізі басқа қоңырау түссе, қорқамыз. Содан олар неше рет хабарласты, мен көтермедім.

    Олардың қоңырауының жанында камера тұр. Демек олар қоңырау шалып, түрімді және дауысымды жазып алады. Сосын менің таныстарыма хабарласып, ақша сұрауы мүмкін немесе атыма несие растауы мүмкін. Сондықтан сіздер абай болыңыздар", - деді ол.

    Осылайша продюсер алаяқтардың хабарласқан нөмірін көрсетті. Ол алаяқтардың басқа нөмірлерден айырмашылығы камерада екенін тағы да баса айтты.

    "Абай болыңыздар": Гүлзира Айдарбекова алаяқтардың құрбаны бола жаздағанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.