"Кішкентай батырлар": Бүркіттің қос ұлымен Дубайда түскен видеосы елді тәнті етті
Опубликовано:
Көпшілікке Бүркіт лақап атымен танылған Айбек Жансейітов Instagram желісіндегі парақшасында қос ұлы - Зейін мен Омармен түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүркіт 11 жастағы ұлы Зейін мен 8 жастағы Омармен жағалауда жүріп өткен. Видеодан әкесі мен ұлдары бір-біріне күлімдеп келе жатқанын байқауға болады.
"Үш батыр", "Керемет", "Демалыстарың жақсы өтсін", "Кіші ұлыңыз анасына ұқсаған сияқты", "Кішкентай батырлар", - деп жазды жұрт.
Айта кетейік, осыған дейін Бүркіт енесіне көлік сыйлаған еді. Ол жарының қолдауы мен қарапайымдылығы үшін алғыс айтып, әсерлі жазба арнаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2166532-kishkentai-batyrlar-burkitting-qos-ulymen-dubaida-tusken-videosy-eldi-tanti-endi/