jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Дина Төреәлі 10 айға толған ұлына жантебірентерлік жазба арнады (фото)

    Дина Төреәлі
    Дина Төреәлі. Фото: instagram.com/ tattti_kyz

    Отандық блогер Дина Төреәлі 10 айға толған ұлына жантебірентерлік жазба арнады. Төрағали Төреәлінің қарындасы ерекше күнді отбасымен бірге қарсы алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дина Төлепберген 10 айға толған ұлына арналған кештің суреттерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    "Ерманби 10 ай. Осындай қуанышымызды кішігірім атап өтейік деп шештік. Сенің әр туған күнің біз үшін мереке, балам. Сен біздің мерекеміз де, берекеміз де, кішкентай ғана бақытымызсың.

    Нағыз ер азамат болып өсуіңе, өзіңді жеке мықты тұлға ретінде тануыңа, еркек деген атқа лайық болмысты тұла бойыңа құйып өсіруге барымызды саламыз. Сенің жарқын болашағыңды, тәтті өміріңді, берекелі болашақ отбасыңа дейін Алладан сұраймын. Бүгінгі жеке күніңмен, қошақаным! Ізгі ниетпен, сенің анаң", - деп жазды ол.

    Мұны көрген желі оқырмандары Дина Төреәліге ақ тілегін жаудырды.

    "Үлгілі отбасы", "Бақытты болыңдар", "Үлкен азамат болсын", "Бақытты балалық шақ тілеймін", "Өте әдемі жұп", "Әр күніңіз бақытқа толы болсын", - деп жазды жұрт.

    Дина Төреәлі 10 айға толған ұлына жантебірентерлік жазба арнады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.