jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Бұл болашақтың қаласы": Валерий Меладзе Астанаға тәнті болды (видео)

    Валерий Меладзе
    Валерий Меладзе: instagram.com/meladzevalerian

    27 қыркүйекте Астанада концерті өткен ресейлік орындаушы Валерий Меладзе Қазақстан астанасы туралы өз әсерін бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Астана Меладзені қуантты, әртіс көрермендеріне эмоциясын айтты.

    "Астананың құрылысы басталған кезде біз осында болдық, жоспарланып жатқан кезін де көрдік. Енді біз күн сайын таңданамыз. Әр келген сайын біз қаланың қалай өсіп жатқанына таңданамыз. Бұл жай ғана заманауи қала емес, бұл болашақтың қаласы! Маған сеніңіз, біз көптеген қалада болдық және, әрине, ең бастысы – адамдар", - деп бөлісті Меладзе сахнадан. Валерий Меладзе елорда тұрғындарына ерекше назар аударды.

    "Біз ер адамдар әйелдерге, осы әдемі қаланың сәні қыздарға көбірек көңіл бөлеміз. Біз бұл әнді адамзаттың әдемі жартысының барлық өкілдеріне, залдағы барлық қыздар мен әйелдерге және Астананың барлық қыздары мен әйелдеріне арнаймыз", - деп әнші елорда тұрғындарының сұлулығын атап өтті. Сахнада ол "Как ты красива сегодня" әнін орындады.

    "Бұл болашақтың қаласы": Валерий Меладзе Астанаға тәнті болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.