jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Түсінуге тырыссам, жүрегім ауырады": Ерке Есмаханның желідегі жазбасы қызу талқыға түсті

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан Instagram желісінде су жаңа суреттерін жариялады. Әнші бұл жолы Hollywood-тағы өнер иелерінің айналасындағы дау туралы сөз қозғаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан көпшіліктен қазіргі жаңалықтардан қаншалықты хабардар екенін сұрады.

    "Мына заманда көрсең де көрмегендей болып, естісең де естімегендей болып, білсең де білмегендей болып отыра берген дұрыс-ау. Түсінуге тырыссам, жүрегім ауырады. Меңзеп отырғаным – Hollywood-тың шоу-бизнесінде болып жатқан оқиға. Естулеріңіз бар ма?", - деді Ерке Есмахан.

    Желі қолданушылары өнер иесінің жазбасына түрлі пікір қалдырды.

    "Соқыр, мылқау танымас тірі жанды болуың керек", "Голливуд әртістері қай ғасырда да айтылатын әңгіме ғой", "Қазақстаным аман болса болды", "Көріп, таңғалдық", "Сонша шындықтың енді ашылғаны қызық әрі қорқынышты", "Голливудта неміз бар, өз былығымыз да аз емес","Жылтырағанның бәрі алтын емес", "Ешқашан ештеңе елеусіз қалмайды, тек бәрі өз сәтімен болады", - деп жазды олар.

    Айта кетейік, жақында көпшілікке P. Diddy лақап атымен танымал рэпер Шон Комбс адам саудасы мен басқа да бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Ол 16 қыркүйек күні Нью-Йоркте ұсталып, федералды қамауға алынды.

    "Түсінуге тырыссам, жүрегім ауырады": Ерке Есмаханның желідегі жазбасы қызу талқыға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.