jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Раим, үмітің ақталуда": Ерке Есмаханның ұлы баскетболдан жүлделі орын иеленді

    Ерке Есмахан отбасымен
    Ерке Есмахан отбасымен. Фото: instagram.com/ erke_esmahan

    Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмаханның үлкен ұлы Мүслім баскетболдан жүлделі орын иеленді. Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

    Ерке Есмахан желідегі оқырмандарына қуанышты жаңалығын бөлісіп, жолдасы Раимның үміті ақталып жатқанын айтты.

    "Республикалық баскетбол жарысынан Мүслімнің командасы 3-орынға ие болды. Марапат құтты болсын. Раим, үмітің ақталуда, шүкір", - деп жазды ол.

    Айта кетейік, қараша айының басында Алматыда Раимның концерті өткелі жатыр. Ерке Есмахан мен жолдасы сол кеште жаңа дуэтін орындамақ.

    Ал күні кеше Ерке Есмахан Hollywood-тағы жағдай туралы сөз қозғап, көпшіліктің пікірін сұрады. Осыған дейін Раимның Мүсліммен бірге ән айтып, жұртты тәнті еткен болатын.

    "Раим, үмітің ақталуда": Ерке Есмаханның ұлы баскетболдан жүлделі орын иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.