jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Үшеу болып келіңіздер": Айгүл Иманбаева балалы болуға дайындалып жүргенін айтты (видео)

    Айгүл Иманбаева
    Айгүл Иманбаева. Видеодан кадр: Instagram/aigul_imanbayeva

    Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева Түркияға арнайы барып, денсаулығын толығымен тексеріп жатқанын айтты. Өнер иесі балалы болуға дайындалып жүргенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айгүл Иманбаева бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Эстрада жұлдызы бүгінде Стамбұлдағы клиникалардың бірінде толыққанды тексерістен өтіп жатқанын алға тартты.

    Өнер иесі УДЗ апаратында жатқан сәтінен видео жариялап, бақытты сәттермен қауышу үшін алдымен дайындалу керектігін айтты.

    "Мен қазір Стамбұл қаласындамын. Бұл жаққа келуімнің себебі – денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда, Check Up. "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде". Денсаулық – зор байлық, достар! Ауырмаңыздар! Осындай бақытты сәттермен қауышу үшін ең алдымен толыққанды тексерістен өтіп алу қажет", - деп жазды Иманбаева.

    Бұл сапарға актриса анасын да алып барғаны белгілі болды.

    Желі қолданушылары өнер иесінің аяғы ауыр екенін болжап, оған ақ тілектерін жолдады.

    "Аяғы ауыр екен деп қуанып кеттім", "Мамаңыз қызымен бірге ем алуға кетіп, үшеу болып келіңіздер. Қызы және қызының қызы болып", "УДЗ екен деп, аяғы ауыр ма деп қалсам", "Бұйыртса балалы болыңыз", "Дұрыс айтасыз, бұл кезеңге де дайындық қажет", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.