jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Бізге де бұйырсын": Мөлдір Әуелбекова ата-анасына күтпеген сыйлық жасады (видео)

    Мөлдір Әуелбекова ата-анасымен
    Мөлдір Әуелбекова ата-анасымен. Видеодан кадр: instagram.com/ moldir. auyelbekova

    Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова ата-анасына күтпеген сыйлық жасады. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

    Эстрада жұлдызы тосынсый жасамас бұрын оқырмандарына видео әзірлеген. Ол әке-шешесіне қандай сыйлық жасаймын деп әбден ойланған көрінеді.

    "Бүгін әкемнің туған күні. Жыл сайын әкеме күшті сыйлықтар жасаймыз. Мына үйді соқтық, көлігі бар, шетелге демалысқа барып келді, жыл сайын Умраға барып жатыр, үлкен қажылығын да өтеп келді. "Енді не сыйлаймын?" деп басым қатты. Сонда да таптым", - деді ол.

    Артынша өнер иесі дастархан басында, меймандардың алдында ата-анасына қандай сыйлық жасайтынын айтты.

    "Мына кісі - біздің үйдің мерекесі, мына кісі -берекесі. Құдайға шүкір, әкемізге екі жылда көлік жаңартып тұрамыз. Анамның арманы – әлем аралау. Сол себепті үлкен лайнерге жолдама сыйлаймын. Жақсылап демалып, ортамызда жүре беріңіздер", - дейді ол.

    Ал көпшілік әншінің сыйлығына риза болып, оң пікір жазып қалдырды.

    "Жарайсың, Мөлдір", "Бізге де жұғысты болсын", "Бізге де бұйырсын", "Ата-анаң аман болсын", "Сен сияқты қызы бар ата-анаң бақытты" - деп жазды олар.

    "Бізге де бұйырсын": Мөлдір Әуелбекова ата-анасына күтпеген сыйлық жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.