jitsu gif
Шоубиз

    "Әкелік міндетімнен қашпаймын": Фариза Төреәлінің күйеуі желідегі жазбасымен ел назарын аударды

    Фариза Төреәлі отбасымен
    Фариза Төреәлі отбасымен. Фото: instagram.com/ farizatoreali

    Отандық блогер Фариза Төреәлінің жолдасы Дархан Нортаев Instagram желісіндегі парақшасында қызына қатысты жазба жариялады. Ол бала тәрбиесінде әкенің рөлі де айтарлықтай маңызды екенін айтты.

    Дархан Нортаев бала күтіміне байланысты әйеліне қолдау көрсететінін жасырған жоқ.

    "Қызыма махаббатты қалай беремін? Қамқорлық кішкентай істерден құралады. Бала ортақ, сол үшін бала тәрбиесі, оған қарау тек әйелге жүктелген міндет емес. Жұбайым өзіне көңіл бөлуі үшін, уақыт бөлуі үшін әкелік міндетімнен қашпаймын.

    Түнде тұрып тамағын жасаймын, бассейнге бірге барып шомылып аламыз, киімізді бірге киіп, анасын тастап, өзіміз серуенге кетіп қаламыз. Қамқорлығымды барынша көрсетуге тырысамын, себебі қыз баланың болашағына әкенің үлесі үлкен рөл ойнайды", - деп жазды ол.

    Жазба астына алғашқылардың бірі болып Фариза Төреәлі пікір қалдырды.

    "Екеуі "банда". Маған енді өзіме тағы бір бөпе керек", - деп жазды Төреғали Төреәлінің қарындасы.

    Мұны көрген көпшілік блогер мен жолдасына түрлі пікір жазған.

    "Не деген керемет әке", "Алла көп көрмесін, молынан берсін", "Көпбалалы ата-ана атаныңдар", "Сендердің отбасыңда өскен балабақытты боларына сенемін", "Бізге де осындай жақсы жар бұйырсын", "Ұлың оншақты, қызың моншақты болсын", - деді олар.

    "Әкелік міндетімнен қашпаймын": Фариза Төреәлінің күйеуі желідегі жазбасымен ел назарын аударды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.