jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Гүл сыйлап, қолын сүйді": Құрманай Бақтиярқызы Мақпал Жүнісоваға ерекше құрмет көрсетті (видео)

    Құрманай Бақтиярқызы мен Мақпал Жүнісова
    Құрманай Бақтиярқызы мен Мақпал Жүнісова. Видеодан кадр: Instagram/zhunusova.makpal

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде Құрманай Бақтиярқызымен кездесуінен видео жариялады. Көптен бері көріспеген өнер иелерінің қауышуы аса әсерлі болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда Құрманай Бақтиярқызының той үстінде эстрада жұлдызына амандасып, ерекше құрмет көрсеткенін байқауға болады.

    Белгілі сазгер Мақпал Жүнісоваға үлкен гүл шоғын тарту етіп, қолынан сүйген. Құрманай Бақтиярқызы өнер иесінің өзі үшін орны аса ерекше екенін айтып, оның ақ батасын алған.

    "Мен үшін жүрегі де, білегі де қыздай Мақпал ханым ғой. Мақтадай әппақ Мақпалым деп тегін айтпаған ғой. Алла разы болсын бұл кісіге. Жүргенде жолы болсын, барғанда орны болсын. Көзілдірігі көзінде, даналығы сөзінде, Зәкеңді кезінде таңғалдырған, тамсандырған, жан салдырған әнші. Бұлбұлым менің", - деді ол.

    "Гүл сыйлап, қолын сүйді": Құрманай Бақтиярқызы Мақпал Жүнісоваға ерекше құрмет көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.