jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Фариза Төреәлі күйеуін кешкі асқа шақырып, Iphone сыйлады (видео)

    Дархан Нортаев
    Дархан Нортаев. Видеодан кадр: instagram.com/ farizatoreali

    Отандық блогер Фариза Төреәлі күйеуі Дархан Нортаевты кешкі асқа шақырып, Iphone сыйлады. Төреғали Төреәлінің қарындасы тосынсый жасаған сәтін Instagram желісіндегі парақшасында көрсетті.

    Фариза Төреәлі күйеуіне мұндай тосынсыйды алғаш рет ұйымдастырғанын айтады. Ол желідегі оқырмандарына әдемі кештің бүге-шүгесіне дейін баяндап берді.

    "Бүгін күйеуімді кешкі асқа шақырайын деген идея келіп, жазып жібердім. Мұндай менде алғаш рет. Басқа қаладан келе жатқан еді, дайындалып күтіп отырдым. Әдемі гүл әкеліпті, әрі қарай Дараны ата-әжесіне қалдырдық.

    Дайындап қойған тосынсыйымды табыстадым. Алдын ала мейрамханаға барып, сыйлықты қалдырып кеткен болатынмын. Қызық болсын деп, сыйлыққа алдымен басқа заттар тығып қойдым.

    Біз, әйелдер, көбіне күтіп жүреміз, сыйлықтар қалаймыз, романтиканы талап етеміз. Неге қаласаң, өзің қадам жасап көрмеске деп ойладым. Түсінгенім, айына бірнеше рет жеке шығып үйрену керек екен. Маңыздысы, ашылып сөйлесу, ішіңдегіні айтып сырласу. Ол қарым-қатынастағы сезімді арттырады", - деді Фариза Төреәлі.

    Ал видеода Фариза Төреәлінің күйеуіне су жаңа Iphone сыйлағанын байқауға болады. Мұны көрген көпшілік блогердің әрекетіне оң баға беріп жатыр.

    Фариза Төреәлі күйеуін кешкі асқа шақырып, Iphone сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.