jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Күйеуіме дауыс көтермеймін": Айсәуле Бақытбек отбасылық өмірі туралы сыр шертті

    Айсәуле Бақытбек
    Айсәуле Бақытбек. Фото: Instagram/aissaulebakytbek

    Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек желіде оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұраққа жауап беріп, отбасылық өмірі туралы сыр шертті. Желі жұлдызы күйеуіне ұрысып, дауыс көтермейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушыларының бірі Айсәуле Бақытбектен "Себепсіз жолдасыңызға дауыс көтерген кезіңіз болды ма?" деген сауал жолдады. Желі жұлдызы мұндай жағдай отбасында жоқ екенін айтып, ата-анасының да балалардың көзінше ұрыспағанын жеткізді.

    "Себепсіз де, себебі болса да күйеуіме дауыс көтермеймін, ұрыспаймын. Бұл біздің үйде қатып қалған қағида. Ата-анам біздің көзіміше ұрысқан емес. Сіңлім екеуміз де бір-бірімізге дөрекі сөз айтып көрген емеспіз. Мен ұзақ уақытқа созылған монолог оқуым мүмкін. Бірақ ешқашан күйеуіме дауыс көтермеймін. Барлығына сыйластық танытуға тырысамын. Жұмысымда да солай. Біздің жиналыстарда қызметкерді сынау, сөгу деген жағдайлар мүлдем жоқ", - деп жазды блогер Instagram-дағы парақшасында.

    Айсәуле Бақытбектің Stories-i
    Айсәуле Бақытбектің Stories-i. Скриншот: Instagram/aissaulebakytbek

    "Күйеуіме дауыс көтермеймін": Айсәуле Бақытбек отбасылық өмірі туралы сыр шертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.