jitsu gif
Шоубиз

    "Жақсы адамды таниды": Мақпал Жүнісованы сүйсіне тыңдаған ит елді күлкіге қарқ қылды (видео)

    Мақпал Жүнісованы тыңдап жатқан ит
    Мақпал Жүнісованы тыңдап жатқан ит. Видеодан кадр: instagram.com/ zhunusova.makpal

    Халық әртісі Мақпал Жүнісованы сүйсіне тыңдаған ит елді күлкіге қарқ қылды. Видеоны өнер иесінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видео кадрларынан Майлыбек атты иттің Мақпал Жүнісоваға сүйсіне қарағанын байқауға болады. Ол сахнада әндеткен өнер иесін рахаттана тыңдайды. Ал халық әртісінің айтуынша, бұрын-соңды мұндай тыңдарманы болмаған.

    "Мұндай тыңдарманды алғаш көріп тұрмын. Видеоңызға рақмет", - деп жазды әнші.

    Бейнежазба желі оқырмандарының арасында бірден қаралым жинаған.

    "Майлыбек Мақпал Жүнісованы қарап отыр. Ой, жаным сол. Саған ұнай ма? Құйрығы билеп жатыр. Биле-биле. Жарайсың, қарай бер. Кедергі келтірмейін", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

    Ал көпшілік әншінің адалдығы мен кеңпейілділігін иттің де түсініп отырғанын алға тартып, күлкіге қарқ болды.

    "Адамның абзалын бала мен ит біледі деп бекер айтпаған", "Ит адал ғой, ол жақсы адамды таниды", "Мақпал Жүнісованы бәрі жақсы көреді", "Дұрыс, тыңдасын", "Майлыбек ит болса да, есі бар", "Сізді бәріміз қатты жақсы көреміз", - деді олар.

    "Жақсы адамды таниды": Мақпал Жүнісованы сүйсіне тыңдаған ит елді күлкіге қарқ қылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.