jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Баласын әрқашан кешіреді": Нұржан Керменбаев анасына ән арнап, оны жылатып қойды (видео)

    Нұржан Керменбаев пен анасы
    Нұржан Керменбаев пен анасы: instagram.com/ nurzhan_kermenbayev

    Отандық әнші Нұржан Керменбаев ана туралы алғашқы әнін жарыққа шығарды. Өнер иесі туындысын анасына тыңдатып, қателіктері үшін кешірім сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Нұржан Керменбаев жаңа туындысын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    "Сіздің алдыңыздан өтіп, кешірім сұрағанды жөн көріп тұрмын. Балалығыммен, шалалығыммен жасаған қателіктерім үшін сізден кешірім сұраймын", - дейді видеода өнер иесі.

    Ал эстрада жұлдызының анасы құлаққаппен оның әнін тыңдап, көзіне жас алады. Ол өзінен кешірім сұраған ұлының бетінен сүйеді.

    Мұны көрген көпшілік әншіге түрлі пікір жазып қалдырды.

    "Аналарымыз аман болсын", "Ана жүрегі баласын әрқашан кешіреді ғой", "Көз жасымды тыя алмай, бірнеше рет тыңдадым", "Еріксіз жылап алдым, 100 жасасын", "Анаңызға қандай күшті сый", "Жасы ұзақ болсын", - деді олар.

    "Баласын әрқашан кешіреді": Нұржан Керменбаев анасына ән арнап, оны жылатып қойды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.