Шоубиз

Зектілері

"Екі жылдан соң тағы көреміз": Баян Мақсатқызы тағы да балалы болуға ниетті екенін айтты

Жарияланған күні:

Баян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызы. Видеодан кадр: Youtube/ Aissaule Bakytbek-Kaidarova

Қазақстандық танымал продюсер Баян Мақсатқызы өзін 50 жаста қызды болғаны үшін сынағандарға жауап берді. Шоу-бизнес өкілі болашақта тағы да балалы болуға ниетті екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Баян Алагөзова өзін 50 жастағы әйел сезінбейтінін айтып, көпшіліктің өзін орынсыз сынап жатқанын жеткізді. Жақында екі қызы дүниеге келген продюсер мұнымен тоқтап қалмайтынын бөлісті. Жолдасы екеуі екі жылдан кейін тағы да балалы болуға ниетті екенін жасырмады.

"Екі қыздың анасы атанып, тіпті жасарып кеттім. Өзімді ешқашанда 50 жастағы әйел сезінбеймін. 30 жасым мен 50 жасымның арасынан ешқандай айырмашылық көрмеймін. Белгілі бір шеңбер ішінде ғана ойлайтын адамдарға айтарым – мұның бәрі сіздің басыңыздағы ойлар. Сіздің барлық кәрілігіңіз – басыңыздағы ойда ғана. "Осы жаста қалай бала табады екен" дегенге ұялмаймын. "Ұят қой, мынау, 50 жаста балаға не беріп үлгереді?" дейді. Көп нәрсе беріп үлгеремін. Бәлкім, мұндай ойлар маған мүлде жат шығар. Білмеймін, маған ұят емес. Екі жылдан кейін тағы балалы болуға тырысып көреміз. Денсаулығыңды күт, психологиялық жағдайыңды бақыла! Тар шеңберде ойлайтын болсам, бәлкім, дәл қазір өзіңмен ашық әңгіме айтып отырмас едім", - деді Баян Мақсатқызы сұқбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2173074-eki-zhyldan-song-tagy-koremiz-baian-maqsatqyzy-tagy-da-balaly-boluga-nietti-ekenin-aitty/