"Қатыгездікке жол бермейік": Ерке Есмахан оқырмандарына үндеу жасады
Опубликовано:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан желіде әсерлі жазба жариялап, оқырмандарына үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Өнер иесі елімізде болып жатқан соңғы жайттардан кейін Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына үндеу жасауды жөн көрген.
Ерке Есмахан өзінің және өзгенің өмірін аялап, қатыгездікке жол бермеуге шақырды.
"Әлемді мейірім мен махаббат қана құтқарады. Барлық адам - сүйікті жаратылыс. Өзіңнің де, өзгенің де өмірін аялап, қатігездікке жол бермейік. Күңіренген күздің басқа, жағымды жаңалықтарымен бөлісе отырыңыздаршы", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан желіде жолдасы Раймға жазба арнаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2174891-qatygezdikke-zhol-bermeiik-erke-esmahan-oqyrmandaryna-undeu-zhasady/