"Ойлап көрші": Жанқош Тұраровтың әйелі ажырасуға қатысты сұраққа жауап берді
Жарияланған күні:

Отандық танымал боксшы Жанқош Тұрартоың әйелі Клара Иса жолдасына қатысты даулы жағдайдан кейін ел көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Спортшының келіншегі Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Оқырмандардың бірі Клара Исадан "Әлі ажыраспадыңдар ма не?" деген сауал жолдады.
"Ойлап көрші, жоқ", - деп қысқа жауап қайтарған.
Сонымен қатар блогер өзінің мінезі туралы айтқан. Желі қолданушысы оған "Жаман қырсық сияқтысыз, сөздеріңіз қисық" деп жазған.
"Ондайым бар енді. Жалпы қисық қабырғадан жаратқан ғой бізді", - деп жауап берді Боксшының әйелі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2175111-oilap-korshi-zhanqosh-turarovtyng-aieli-azhyrasuga-qatysty-suraqqa-zhauap-berdi/