"9 жыл күткен сәт": Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үйлену тойын жасады (видео)
Жарияланған күні:

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі саналатын Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали көптен күткен үйлену тойын жасады. Ерлі-зайыпты осыдан 9 жыл бұрын отау құрса да, дүбірлі той жасауға реті келмеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айқын мен Жұлдыз үйлену тойын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде жасаған.
Ерлі-зайыпты бұл қуанышына барша туыстарын, жақындарын, достарын шақырған. Қадірлі қонақтар арасында бірқатар өнер иесі болды. Олардың арасында Мадина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Аша Матай, Айдай Исаева, Анар Батырхан, Дастан Оразбеков және т.б бар.
Дүбірлі той алдында жұлдызды жұп ел алдында тағы бір мәрте некелерін қиып, бір-біріне жүзік тақты.
Айқын мен Жұлдыз желі қолданушыларының да қамын ойлап, 9 жылдан кейін жасаған үйлену тойы қалай өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсетті.
Оған қоса Айқын Төлепберген үйлену тойы кезінде келіншегіне күтпеген жерден тосынсый жасап, әйгілі Алексей Чумаковпен бірге ән шырқады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2175759-9-zhyl-kutken-sat-aiqyn-tolepbergen-men-zhuldyz-omirgali-uilenu-toiyn-zhasady-video/