Шоубиз

Зектілері

"Қатты қорқып кеттім": Айжұлдыз Адайбекова сауда орталығында ұлын жоғалтып алғанын айтты

Жарияланған күні:

Айжұлдыз Адайбекова
Айжұлдыз Адайбекова. Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал блогер әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова баласын ірі сауда орталығында қалай жоғалтып алғанын айтты. Желі жұлдызы ұлы табылғанша қатты уайымдап кеткенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова сауда орталығында басқа біреулерге назар аударамын деп ұлын жоғалтып алғанын айтты. Блогер ару бұл тұрғыда барша оқырмандарына ескерту жасады. Ол келесіде баласымен жүргенде оны барынша мазаламауды өтінді.

"Құрметті адамдар, сіздерге үлкен өтініш айтқым келеді. Мен баламен жүргенде назарымды басқа нәрсеге бұрмауға тырысыңыздаршы. Бүгін сауда орталығында маған жарнама ұсынғандарға көңіл бөлемін деп ұялымды жоғалтып алдым. Үлкен стреске тап болдым. Егер мен "жоқ" деп айтсам, "жоқ" деген сөз, соны түсініңіздерші.

Баламды таппай қалғанда қатты қорықтым. Мүмкін оны біреу ұрлап кеткен шығар, әлде бір жерде құлап қалды ма деп уайымдадым. Бұл ешқандай да агрессия емес. Мен де адаммын. Мұндай жерлерге келгенде жай ғана демалғым келеді. Менің бұлай стреске түскім келмейді. Сол үшін алдын ала бәріңізге рақмет!", - деп жазды Жанар Айжанованың қызы Instagram-дағы парақшасында.

Айжұлдыз Адайбекованың Stories-i
Айжұлдыз Адайбекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2175800-qatty-qorqyp-kettim-aizhuldyz-adaibekova-sauda-ortalygynda-ulyn-zhogaltyp-alganyn-aitty/