Шоубиз

Зектілері

"17 жастағы кішкентай қыз едім": Жазира Байырбекова жолдасымен танысқан кезді еске алды

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова жұбайымен
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова жолдасы Жанболат Ербатыровпен танысқан кезін еске алып, желіде жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Жазира Байырбекова күйеуі екеуінің махаббат хикаясы қалай басталғанын Instagram-дағы парақшасында айтып берді. Ол жолдасы өзіне асқан қамқорлық танытқанын жеткізді.

"17 жасар кішкентай қыз едім. 1-курс оқимын. Жатаханада менен 2-3 жас үлкен қыздармен бірге тұрдым. Бөлмемдегі қыздарға қонаққа жігіттер келді. Көрші бөлмеде тұратын Жанболат есікті қағып "бері келші" деп коридорға шақырып, "Сен кішкентайсың,саған үлкен жігіттер бар жерде отыруға болмайды. Одан да далаға шығып таза ауа жұт, жүр бірге шығып келейік" деді. Содан бері "саған анау болмайды,мынау болмайды" деп жанымда жүр", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2176595-17-zhastagy-kishkentai-qyz-edim-zhazira-baiyrbekova-zholdasymen-tanysqan-kezdi-eske-aldy/