Шоубиз

Зектілері

"Бір жыл өте шықты": Ақжол Мейірбековтың асына барған Мақпал Жүнісова әсерлі жазба жариялады

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова мен Ақжол Мейірбеков
Мақпал Жүнісова мен Ақжол Мейірбеков. Видеодан кадр: Instagram/zhunusova.makpal

Өткен жылдың қараша айында дүниеден озған "Дос-Мұқасан" ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбековтың отбасы құран бағыштап, жылдық асын берді. Асқа қатысқан Мақпал Жүнісова желіде жазба жариялап, елді жылатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында ас кезіндегі видеоны жариялап, марқұм әншіге жазба арнады.

"Бүгін марқұм Ақжол Мейірбеков ағамыздың арамыздан кеткеніне бір жыл өте шығыпты. Ағамыздың отбасы бүгін құран бағыштап, ас бермекші. Алла қабыл етсін, топырағы торқа болсын, қырқын бергенде бола алмап едім, Алла қаласа құранда боламыз", - деп жазды өнер иесі.

Сонымен қатар Жүнісова Ақжол Мейірбековтың отбасына қолдау білдірді.

"Марқұм Ақжол Ағамыздың топырағы торқа болсын. Бағышталған құран, беріліп жатқан ас қабыл болсын. Артында қалған ұрпақтары, жары Шарипа апайға Алла ұзақ ғұмыр берсін. Шарипа апай, Луиза айналайын енді тек жақсылық болсын. Жылдық асын беріп, басын көтердіңіздер. Ақжол ағамыз аруағымен желе-жебесін, ұрпағы өсе берсін", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2176640-bir-zhyl-ote-shyqty-aqzhol-meiirbekovtyng-asyna-bargan-maqpal-zhunisova-aserli-zhazba-zhariialady/