jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Шок болып отырмын": Ерке Есмахан ерекше жаңалығын жария етіп, елді таңғалдырды

    Ерке Есмахан отбасымен
    Ерке Есмахан отбасымен. Фото: instagram.com/ erke_esmahan

    Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде жолдасы Раймның жаңа альбомы туралы айтып, көпшілікке ерекше жаңалықты жария етті. Өнер иесі күйеуінің шешімінен кейін шок болғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан Раймның жаңа альбомын бірінші болып тыңдап, Instagram-дағы парақшасында әсерін бөлісті. Өнер иесі жолдасының әндерінен кейін көзіне жас келгенін жасырмады.

    "Күйеуімнің жақында жарыққа шығатын жаңа альбомының аяқталған толық нұсқасын тыңдадым. Көзіме жас келді. Ғажап. Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Күйеуімнің бірінші фанаты екенімді түсініп отырған шығарсыздар. Жолдасымның фанаты болсам да, осы Stories-тер үшін кешке төле деп айтуым мүмкін. Сенім жоқ маған", - деп жазды әнші.

    Оған қоса Ерке Есмахан жолдасы тыңдармандарына ерекше тосынсый жасап қалуы мүмкін екенін де айтты. Сөзінше, Райм Ерке екеуінің ұлын сахнаға алып шықпақ ойы бар.

    "Мына баланы әкесі 3 қараша күні концертте сахнаға алып шығады деген сыбыс бар. Өзім шок болып отырмын", - деп жазды Ерке.

    Ерке Есмаханның Stories-i
    Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.