Шоубиз

Зектілері

"4 үйір жылқысы бар": Тоқтар Серіков ұлдарын қалай тәрбиелеп жүргенін айтты

Жарияланған күні:

Тоқтар Серіков
Тоқтар Серіков. Фото: instagram.com/toktar_beibit/

Отандық эстрада жұлдызы Тоқтар Серіков Әйгерім Сейфолламен "Сырласуда" бала тәрбиесіне қатысты сөз қозғады. Ол сұқбат барысында төрт ұлын да қазақылыққа баулып келе жатқанын айтты.

Тоқтар Серіковтің айтуынша, оның төрт ұлының 4 үйір жылқысы бар.

"Өз ауылымда, кіндік қаным тамған жерде жеке шаруашылығым бар. Сол ауылымда төрт ұлыма төрт үйір жылқы жіберіп қойғанмын. Әрқайсысы өз айғырларын, үйірінде қанша бас барын біледі. Соның бәрін өздеріне еншілеп қойғанмын. "Бұл – сендердің жылқыларың" деп айтамын. Мұны бір дүние, байлық ретінде емес, "Иесі мен екенмін ғой мен де әкемнің бір шетінде жүр екенмін ғой" деген ой болсын деп жасатқанмын", - деді ол.

Әншінің ұлдары қазір әкесінен бүркіт пен қаршыға сұрайтын көрінеді.

"Төбеттері, тазылары бар. Бүркіт пен қаршыға сұрайды. Ол маған қиын. Әйтпесе бүгін ұстаймын десе, ертең әкеліп беретін бүркітшілер бар. Оны баладай бағу керек, уақытым жетпейді. "Демалысқа шығайын, оны да көрсетемін" дедім", - деді Тоқтар Серіков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2176782-torteuining-4-uiir-zhylqysy-bar-toqtar-serikov-uldaryn-qalai-tarbielep-zhurgenin-aitty/