jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тәуекел Мүсілім үшінші перзентінің жынысын жария етті

    Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото
    Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото: Instagram/mahonti__

    Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім гендер пати ұйымдастырып, үшінші перзентінің жынысын жария етті. Ерлі-зайыпты бұл отбасылық шараны Америка Құрама Штаттарында өткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Отбасындағы қуанышты жаңалықты актердің келіншегі Махаббат Мүсілім жариялады.

    Ерлі-зайыпты көпшілік тағатсыздана күткен мерекелік шараны Американың Лос-Анджелес қаласында өткізген. Тәуекел мен Махаббат табиғат аясында қара шарды жарып, үшінші перзентінің ұл болатынын білген.

    "Аллаға сансыз шүкірліктер болсын. Үш бар жерде күш бар, бізде үшіншісі батыр болады. Алақай", - деп қуанышын бөлісті өнер иесінің әйелі.

    Тәуекел Мүсілім тағы да ұл болатынын білген соң, қыз болғанша тоқтамайтынын жеткізді.

    "Қыз болмағанша тоқтамаймыз! Әрине, қалжың ғой. Сәл үзілістен кейін тағы ұмтылып көреміз", - деп жазды актер Instagram-дағы парақшасында.

    Тәуекел Мүсілім үшінші перзентінің жынысын жария етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.