jitsu gif
Шоубиз

    "Арзан емес": Айқын мен Жұлдыз тойдағы образына қанша ақша жұмсағанын айтты

    Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали
    Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали. Видеодан кадр: Instagram/zhuldyzomirgali_official

    Өткен аптада 9 жылдан кейін үйлену тойын дүркіретіп өткізген Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали өз образдарына қанша қаржы жұмсағанын айтты. Ерлі-зайыпты бұл тұрғыда ақша аямағанын жасырмады , деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдыз Өмірғали көптен күткен тойына бір емес, екі қалыңдық көйлегін киді. Әншінің келіншегі образдарын белгілі қазақстандық дизайнерге арнайы тіктірткенін айтты. Сөзінше, той көйлегіне 2 млн теңгеден көп ақша жұмсаған.

    "Тойға екі көйлек дайындадым. Менің идеямды қолдаған Аруназ сән үйінің қыздарына алғыс білдіремін. Назым Карпыкова ойымдағы екі көйлекті тігіп берді. Көйлектің жиегіне Айқынның әндерінің сөздерін жаздым. Екеуінің де бағасы арзан емес. 2 миллион теңгеден асады. Неке жүзігін де арнайы гауһар тастарымен таңдадым. 9 жыл бүрын неке жүзігін де тақтым. Қасына бүгінгі тойда тағылған жүзікті де тағып алдым. Оның бағасы – 600 мың теңге. Бізде бал айы емес, бал аптасы болады. Бір аптадан кейін Дубай қаласына ұшамыз", - деді Жұлдыз Өмірғали.

    Оған қоса Айқын Төлепберген де әйелінен қалыспай, той күні киген образын танымал дизайнерге сеніп тапсырған.

    "Менің киімдерімді дизайнер Аида Кауменова дайындады. Өзіме өте қатты ұнады. Көп күйеужігіт кие бермейтін басқаша образ болды. Қызыл түсті де дизайнердің өзі ұсынды. Жұлдызға берген уәдемді орындадым. Бірінші отбасымды тастамаймын. Үлкен ұлым қасымда отырады. Той қонағы – Алексей Чумаков. Жұлдызға арнап екеуміз ән айтамыз", - деді өнер иесі Revue News бағдарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.