jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Отбасымызға екі жыл": Айжан Байзақова күйеуіне жантебірентерлік жазба арнады (видео)

    Айжан Байзақова
    Айжан Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova

    Отандық блогер Айжан Байзақова отасқанына екі жыл болған күйеуіне жантебірентерлік жазба арнады. Ол Instagram желісіндегі парақшасында отағасына алғыс айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айжан Байзақова өз жазбасында күйеуіне деген махаббатын да білдіріп үлгерген.

    "Бүгін біздің отбасымызға екі жыл. Осыған дейін жақсыны да, жаманды да бірге көрдік. Бәріне бір-бірімізге деген махаббаттың арқасында қарсы тұрдық. Күн сайын маған махаббатың мен қолдауыңды, қамқорлығыңды көрсетіп жүргеніңе рақмет.

    Мендегі махаббат пен әйелге тән нәзіктікті аша алғаныңа алғыс айтамын. Мені бар болмысыммен жақсы көретініңе рақмет. Сенің махаббатыңды сүйемін", - деді ол.

    Мұны көрген көпшілік блогер мен оның жолдасына ақ тілегін жаудырып, бақыт тіледі.

    "Керемет жұп", "Бақытты болыңдар", "Тіл-көзден сақтасын", "Жарасымды", - деді олар.

    "Отбасымызға екі жыл": Айжан Байзақова күйеуіне жантебірентерлік жазба арнады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.