Шоубиз

Зектілері

"Артық нәрсе жоқ": Абай Бегейдің жары жақында ұзатылған қызының жасауы туралы айтты (видео)

Жарияланған күні:

Абай Бегей әйелімен
Абай Бегей әйелімен. Фото: Instagram/fari___za____zhan

Отандық эстрада жұлдызы Абай Бегейдің жұбайы жақында ұзатылған қызының жасауына қатысты пікір білдірді. Фариза Жұманова өз өмірі мен отбасы жайлы "Айтарым бар" подкастында сөз қозғаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегейдің жұбайы қыз ұзатудың қаншалықты қиын екенін енді түсінгенін айтады.

"Бәрі ойдағыдай жақсы өтті. Оңай емес шынымен. Себебі мен жаспын. Менің жасыма мұндай мәртебе оңай емес. Үшінші рет құдағи болып отырмын. Қыз ұзату оңай емес екен. Біреу қыз ұзатып жатса, "көріп тұрады ғой, несіне қиналады" деген ой болатын. Бірақ өз қызың кеткен оңай емес екен", - дейді ол.

Фариза Жұманованың айтуынша, жақында ұясынан ұшқан қызы Сымбат үйдің сәнін келтіріп, өзіне еркелеп жүрген. Ал қазір тұрмысқа шығып кеткен арудың орны білінетін көрінеді.

"Сымбат ерекше. Үнемі шулап, ән айтып, үйге көңіл күй беріп жүретін еді. Кейде таңертең көзімді ашсам, қасымда жатады. "Қорқып қалдым, қасыңызға жатайыншы" дейді. Сол кезде "Симби, үлкен қыз болдың ғой" деп айтатынмын. Дәл сол сәттер есіме түсіп кетті. Содан "ерте күйеуге шығатыныңды білгенде, үнемі қасыма алып жататын едім" деп айттым. Ол өзі сондай сезімтал қыз. Оның ұзатылып кеткені оңайға түспеді, үй тым-тырыс", - деді ол.

Осы тұста әншінің жары көпшіліктің көзайымына айналған жасауға қатысты да ойын айта кетті. Ол қыздың артынан апарған дүниесінде ысырап болатын зат жоқ деп есептейді.

"Күйеуімнің ең үлкен қызы Ерке ұзатылған кезде оның жасын дәл солай, одан да асырып жинап берді. Бірақ ол кезде Instagram қатты танымал болмағаннан кейін білінбей қалды. Осы жолы мен де, үлкен қызымыз да, келінім де блог жүргізгендіктен, жасау қатты танымал болып кетті.

Парақшалардан қарадым, Ақтаудың қыздарынан да сұрадым. "Бәріне осылай жасай ма?" дегеніме "иә" деп жауап берді. Жалпы ол жақта Сымбаттың өзіне керек дүниелері ғана, ысырап болатындай артық нәрсе жоқ. Олар төрт жыл бойы Алматыда бөлек тұратындықтан, өзі қолданатын заттарын бердік", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2177607-artyq-narse-zhoq-abai-begeiding-zhary-zhaqynda-uzatylgan-qyzynyng-zhasauy-turaly-aitty-video/