Шоубиз

Зектілері

Секен Тұрысбек, Лидия Кәден: Тоқаев бірқатар өнер қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Жарияланған күні:

Лидия Каденова
Лидия Каденова. Фото: instagram.com/didarkadenkz

Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың ішінде Майра Мұхамедқызы, күйші Секен Тұрысбек, актрисалар Лидия Кәден және Данагүл Темірсұлтанова сынды бірқатар өнер қайраткері бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар Т.Медетбек, В.Михайлов және И.Сапарбай "Қазақстанның халық жазушысы" атағына ие болды. "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері: театр және кино актерлері К.Жұмабековке, Л.Кәденге, О.Коржеваға, И.Лебсакқа, Р.Махпироваға, Г.Шынтемірге және Ә.Ыдырышевқа, опера әншілері М.Мұхамедқызы мен Ж.Баспақоваға, дирижер А.Мұхитдинов пен күйші С.Тұрысбекке, сондай-ақ белгілі әнші М.Ілиясоваға берілді", - делінген хабарламада.

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы Д.Темірсұлтанова бар "Парасат" орденінің иегері атанды.

І дәрежелі "Барыс" ордені Р.Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртісі Н.Өнербайға табысталды.

Астана қалалық Жас көрермендер театрының актрисасы С.Еслямова, скрипкашы Ж.Серкебаева "Құрмет" орденімен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2177630-seken-turysbek-lidiia-kaden-toqaev-birqatar-oner-qairatkerlerin-memlekettik-nagradalarmen-marapattady/